Меню KDT
МЕНЮ

   1 сыныптары ата-аналарына психологиялық көмек «ХХІ ғасырдағы ата – ана Өз балаңа үлгі бол!»  атты Республикалық конференция тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының алғы сөздерімен басталып, мектеп психологының кеңестерімен, сұрақ-жауаптар арқылы аяқталды.  

         

6 сынып оқушыларының пәнге қызығушылығын анықтау мақсатында «Өмірде жоқ жануар» әдістемесі жүргізілді.

Мақсаты:  Оқушылардың  жеке ерешеліктерін, болмыс-бітімін, қиял еркіндігін, психоэмоционалды күйін анықтау.

Нұсқау: Өмірде жоқ жануардың суретін салыңыз

         

 

 

 6-8 сыныптары ата-аналарына «Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Мақсаты: «Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдерінде» болатын қиындықтарды бірлесе отырып шешу. 
          Жиналысқа мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының алғы сөздерімен басталып, мектеп психологының кеңестерімен,сұрақ-жауаптар арқылы аяқталды.   

 

  

2019 жылы 10-қыркүйек күні Отбасы күніне байланысты 6 сыныптар арасында «Менің отбасым – менің мақтанышым!» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты:Оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және балаға отбасының рөлі жайлы түсіндіру, отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Тренинг барысында оқушылар өздерінің отбасы жайлы ойларымен бөлісіп, ойындарға белсене қатысты.  Қорытындылай келе, оқушылар «Отбасы» ұғымының мәнін және өз отбасын қадірлеуді,  құрметтеуді, сүюді түсінді. Оқушылар отбасына арналған жүрек жарды тілектерімен бөлісті.

  

2019 жылдың 4 қазан күніұстаздар күніне орай«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті!» атты жас мамандар арасында тренинг өткізілді. 

Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Тренинг соңында ұстаздар жылы тілектерімен және алған әсерлерімен бөлісті. 


2019 жылы 7 қазан күні 9 сыныптар арасында «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында тренингтер өткізілді.

Мақсаты: оқушының ашық-жарқындығы мен қарым-қатынасқа икемділігін бағалау.Тренинг барысында  оқушылар өздерінің ойларымен бөлісіп, ойындарға белсене қатысты.  Қорытындылай келе, оқушылар «Өмір» ұғымының мәнін және оны қадірлеуді, құрметтеуді, сүюді түсінді.














Статистика
  • Осы айда 210
  • Осы аптада 75
  • Кеше 7
  • Бүгін 4
  • Желіде 1

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33