Меню KDT
МЕНЮ

                         Мектеп психологтарының 2019 оқу жылындағы жұмыстары бойынша қыркүйек-қазан айларының есебі

1. Психологиялық қызметтегі психодиагностикалық бағыт.

Оқу жылының басында жылдық жоспар құрылып, психологиялық бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды.

Қыркүйек айынан бастап, оқушыларда өз-өзімен, құрбы-құрдастарымен, ата-ана және мұғалімдермен өзара сындарлы түсіністік әрекетте болуы үшін адамтану саласындағы психологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Білім басқармасының № 464 бұйрығы негізінде мектебімізде 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г», 6 «Ғ», 6 «Д», 6 «Е»  сыныптары бойынша «Өзіндік даму психологиясы» элективті курсы ашылды.

Ата-аналардың, мұғалімдер мен оқушылардың ой-пікірін білу мақсатында, сауалнама жүргізіліп, оң пікірлер алынып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша, жоспардан тыс жұмыстар жүргізіліп, өз нәтижесін көрсетті.

1 сынып оқушыларының мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау мақсатында   «Мектептегі оқуға дайындық деңгейін анықтау»  тесті  (Керн-Йерасек тесті), Оқушылардың өзін – өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында В.Д.Шадриковтың «Мектеп суреті» әдістемесі және балалардың таным процестерін зерттеу әдістемелері

«Ер адамның суреті», «Сөзді көшіріп жазу», «Нүктелерді қойып шық» әдістемесі жүргізілді.

Мақсаты: баланың зейінінің аударылуы мен бөліну қасиеттерін бағалауға арналған. Қарапайым  геометриялық  ою-өрнектің  (төртбұрыш,  дөңгелек,  үшбұрыш, ромбик  т.б.  фигураларды)  белгілерді көрсетіп қойып шығу ұсынылады.
Жүргізілген диагностикалық жұмыстар:

  Әңгіме. Бақылау  әдісі.  Оқушылардың  психологиялық  жағдайын анықтау.

5 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін бақылау мақсатында мектеп психологтары сабақтарға қатысты.

 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында  «Экспресс әдістемесі»  жүргізілді. Оқушылардың өзін – өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында  «Баспалдақ» әдістемесі  және  оқушылардың тепмерамент типін анықтау мақсатында «Мектепке қарым-қатынасым» әдістемесі жүргізілді. 

 10-11 сынып оқушыларынан «Мектепке қарым-қатынасым» сауалнамасы алынды.

Мақсаты: Оқушылардың  мектептегі ұстаздар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасын, пәнге қызығушылығын анықтау.

 

 

 

Статистика
  • Осы айда 210
  • Осы аптада 75
  • Кеше 7
  • Бүгін 4
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33