Меню KDT
МЕНЮ
Мұғалімдер сабағы
Өзгеріске бет бұрған орта
Қазан айының 7-і күні № 61 орта мектепте деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің және білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары қатынасқан «Жаңаша оқытудағы өзгерістер: бірлескен жұмыс пен шығармашылық дағды» тақырыбындағы республикалық-практикалық семинар кеңесі болып өтті.
Семинардың мақсаты: мектебіміздегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс -тәжірибелерімен танысу; жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен кедергілер туралы ой бөлісу.
Семинарға курс тыңдаушыларымен қатар, ПШО-ның тренерлері Айдосова Толқын Қайырбековна, Абдыраманова Гүлжанат Асанқызы, «Өрлеу» БАОАҚ -тың тренерлері Күзенбаева Камила Асиповна, Дүйсенбинова Бақыт Сериковна, Баянғали Ғалымжанұлы, Ақерке Алданышқызы және Білім басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы қатысты.

Баланың ынтасын ояту үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы тиіс», - деп Ж. Аймауытов айтып кеткендей, мұғалімнің күнделікті сабақ беру ісі үнемі жаңалықтарды талап етеді.


Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері С.Ұ.Спиянова, К.Г.Смаилова, химия пәні мұғалімі Т.А.Макетаева , география пәні мұғалімі М.Э.Нургазина, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Үмбетов сынды ІІІ деңгейлі ұстаздар ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Тулеубаева Асия Балтабайқызының «Сезім мүшелері» тақырыбында өткізген сабағы өте сәтті шықты. Оқушылар оқулықты пайдалана отырып, иіс сезу мүшелерінің атқаратын қызметін өз беттерінше тәжірибе жасау арқылы көрсетті.

Семинар соңында «Өрлеу» БАОАҚ тренерлерінің қатысуымен сабақ берген ұстаздардың тәжірибесі туралы пікірлері ортаға салынды.

Тәлімгерлік үдеріс жайында

Тәлімалушы Муса Алтынтас 9 «Ә» сыныбында «Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса.» табырыбында ашық сабақ берді. Мұғалім оқушыға ой тастау, сабақтың тақырыбын ашу, өздік, жұптық жұмыс түрлерін тиімді қолдана білді.. Тәлімгері – ІІ деңгейлі мұғалім Нұргүл Есенкелдіқызы.

Өткізілген сабақтарды талқылау барысында «Өрлеу» БАОАҚ тренері Баянғали Ғалымжанұлы Муса Алтынтастың сабағынан жақсы деп бағалай отырып, деңгейлік курсқа жіберу туралы ұсыныс жасады.

 

Статистика
  • Осы айда 210
  • Осы аптада 75
  • Кеше 7
  • Бүгін 4
  • Желіде 1

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33