Меню KDT
МЕНЮ

Төлеген Айбергенов оқулары

Аруана дүние есігін өзінің аппақ жүрегімен ашып, тап-таза пейілімен келген, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов, бүгінде барша алаш жұртының сүйікті ақыны. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында келіп, бір ақжал толқын ұрғаны еді. Сол толқын – Төлеген. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын.  Қалай десек те, шашасына шаң жұқпайтын жақұтты жырларын қара сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақ сүйіп оқитын өлеңдеріңіз – біздің шам шырағымыз, есте қалар мұрамыз!

Т. Айбергенов оқуларының мақсаттары мен міндеттері:

-                Қазақ халқының ақындық өнерін насихаттау, жас талапкер, дарынды ақындардың шығармаларының көркемдік  деңгейін қалыптастыру;

-                Қазақ тарихында өзіндік орны бар ұлы тұлғаларымыздың асыл мұраларын дәріптеу;

Осы мақсатта, ақпан айының 29-ы күніАстана қаласының жалпы білім беретін орта мектептері, гимназия және лицей оқушыларының арасында Сарыарқа аудандық Т. Айбергенов оқулары болып өтті. Сайыс ақынның шығармаларын «Бір тойым бар...» мәнерлеп, жатқа оқу және «О, толқындар, арпалысып, алға шық!» дарынды жас ақындардың ақынға арнау өлеңдері тақырыптарында екі бөлім бойынша өтті.

Білім басқармасының келісімімен № 35 мектеп-лицейінде өткен бұл шарада біздің оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. «Бір тойым бар...» мәнерлеп, жатқа оқу кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Ертай Жақсылықтың жетекшілігімен қатысқан Нұрәлі Қарлығаш дәрежелі І орынға ие болса, «О, толқындар, арпалысып, алға шық!» дарынды жас ақындардың ақынға арнау өлеңдері кезеңі бойынша Жаңабаева Еркеназ дипломмен марапатталды.

Құттықтаймыз! Жеңісті күндерің көп болсын!





































































Статистика
  • Осы айда 212
  • Осы аптада 71
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33