Меню KDT
МЕНЮ

Қауіпсіздік ережелері

 

Қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары. Қауіпсіздік:

1) қауіп-қатерлерден қорғану;

2) нысанның, қүбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, қүбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті;

3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы;

 4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге ұшырауы, мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы;

5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі);

6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы.


"Қауіпсіздік" үғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, қүбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты.

 ҮЙДЕГІ ӨРТ

        Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:

  1.  Түтіннің иісін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрыныңызды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
  2.  Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
  3.  Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
  4.  Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
  5.  Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
  6.  Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
  7.  Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.

 

 Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,жиі дем алу, жүрек айналуы, сананы жоғалту.  

 

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА

Сіздің әрекетіңіз:

 

    ЖИҺАЗ ЖАНУЫ

        Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және синтетикалық смоламен сіңірген, сондықтан бұл жиһаз жанған жағдайда қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:

         Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны жандырып жібереді.

          Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз немесе сумен төкпеңіз. Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек.

 

    АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ

Сіздің әрекетіңіз:

         Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.


     

     






Cуда жүзу тәртібі
 
СУДА / ЖАҒАДАН АЛЫС ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕ ЖҮЗУ

Егер сіз жақсы жүзу білсеңіз ғана жағадан алыс жүзуге болады.

Суық суда бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін

  1.   Бұлшық еттің тартылуын сезсеңіз бірден тоқтап арқаға бұрылып суға жатыңыз.
  2.  Егер тартылу санның алдыңғы жақ бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және аяқтың саусақтарын  түзеңіз.
  3.   Егер тартылулар өте қатты болса және аяқтарыңыз түзелмесе, онда оны қолдың көмегімен істеп көріңіз.
  4.  Бұлшық еттерді уқалаңыз. Содан кейін тағыда аяғыңызды тартып көріңіз.
  5.  Егер тартылулар тоқтаса, онда кішкене демалып басқа стильмен жағаға жүзіңіз.

 Суда көп уақыт өткізу сізді шаршатуы мүмкін.

  1.  Шаршағанды немесе тоңғанды сезсеңіз, тез бұрылыңыз және жағаға қарай жүзіңіз.
  2.  Өз күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз.
  3.  Егер сіз жағаға өз күшіңізбен жететіндігіңізге сенбесеңіз, онда арқаға жатып, басқа адамдардың зейінін аударту үшін қолыңды жоғары көтеріп шайқаңыз.  

СУДА / ЕГЕР СІЗДІ ҚАТТЫ СУ АҒЫМЫ АЛЫП КЕТСЕ

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1.  Күшіңізді бекерге шығарып, су ағымымен күреспеңіз.
  2.  Су ағымымен диагональ бойынша жүзе отырып, ең жақын жағаға қарай жүзіңіз.

СУДА / ЕГЕР БАЛДЫРЛАРДА ОРАЛЫП ҚАЛСАҢЫЗ

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1.  Балдырлар жүзуге кедергіні жасап жабысқанын сезсеңіз, тоқтамаңыз және бір орында тұрмаңыз, әйтпесе сіз одан да қатты балдырларға шатасып қаласыз.
  2.  Екі аяқпен қатты итеріңіз, босануға ұмтылыңыз.
  3.  Бұл көмектеспесе, бір аяқпен екінші аяқтағы балдырларды алып тастаңыз.
  4.  Судың астына қарай сіңбеңіз, әйтпесе балдырлар мойныңызды орайды.
  5.  Балдырлардан құтылған соң, қауіпті жерден аяқтарыңызбен ақырын сермей жүзіп кетіңіз.

 ЕГЕР СІЗ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ:

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1.  Дем алуды тоқтатыңыз және саусақтармен мұрныңызды жабыңыз.
  2.  Жаға жақын болса аяқпен судың түбін тауып көріңіз.
  3.  Егер су терең болса, онда артық ауыр заттардан құтылыңыз. Ол сізді судың астына алып кетуі мүмкін.
  4.  Егер сіздің аяғыңызда резеңке етіктер болса, оны тастамаңыз және қонышымен төмен қойып ауадан жасалған жастықшалар ретінде пайдалануға болады. Олай жасау сізге судың бетінде болуға ыңғайлы болады.
  5.  Ең жақын жағаға су ағымына диагональмен жүзіңіз.  

 

СУДА / ЕГЕР СІЗ СУДА ЖҮЗУ БІЛМЕЙ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ

 Егер сіз жүзу білмесеңіз, көмек келгенше судың бетінде көбірек болуға ұмтылыңыз.

  1.  Суға бетімен төмен жатып, аяқты және қолды кең жазып ақырың және терең дем алуға ұмтылыңыз.
  2.  Судың бетіңде көбірек қалудың басқа әдісі бар. Аяқпен педальдарды бұрағандай жүзіңіз. Қолмен суды ұрыңыз. Олай жасап күшті суға түсіресіз және де тепе-теңдікті сақтаңыз.
  3.  Тағыда бір әдіс бар: вертикальды күйде екі аяқты бірдей бүгіп жан жаққа итеріңіз және тез түзу қылыңыз.

СУДА / СУҒА БАТҚАНҒА КӨМЕКТЕСУ

Адамның батқанын қалай білесіз:

Суға батып бара жатқан адамның денесі суда тік тұрады, басы толқында бірде көрінеді, бірде көрінбейді.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1.  Егер сізде қайық бар болса батып бара жатқан адамға жүзіп, оны қайыққа көтеріңіз. Байқаңыз, қайық аударылып қалуы мүмкін.
  2.  Егер қайық жоқ болса, онда жүзіп батып бара жатқан адамға жетіңіз.
  3.  Батып бара жатқан адамға жеткен соң, оған артынан иық жағынан ұстаңыз. Әйтпесе ол сізді ұстап алуы мүмкін және сіз бірге батып кеу қаупі туындайды.
  4.  Егер батып бара жатқан адам сізді ұстап жібермесе, онда оны бір қолымен жағынан ұстап өзіңе қарай тартыңыз. Оның басы сіздің басымен қатар беті жоғары болу керек.
  5.  Жағаға қарай қырмен немесе арқада жүзіңіз.
  6.  Егер батып жатқан адам есін жоғалтқан болса, оны жағаға қарай жүзгенде жағынан ұстап, беті судан жоғары болуын қадағалаңыз.


Жол қозғалысы ережесі

ЖАЯУ ЖҮГІНШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

       Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

      Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.

         Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады.

         Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

         Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс. 

         Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.                                                             

               Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.         

                Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.            

               Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің  шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады.          

             Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады.                          

             Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөліке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады. Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өтү кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеүі және жақындап қалған көлік құралының үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс.

     Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу ж.ргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсізекендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады. 

      Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс.

       Маршруттық көлік құралы мен таксиді көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу аоаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пунктерінде көлік құралына отыру үшін көлік кідірместен босату керек. 

                                    Ата-аналарға  

Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі  

Қылмыстың бір түрі – балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.

Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтан да балаға мынаны түсіндірген жөн:

-         Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

-         Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

-         Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

Ал ата-аналарға осыған жауап:

- Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;

- Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;

- Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;

- Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз.

       
Статистика
  • Осы айда 212
  • Осы аптада 71
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33