Меню KDT
МЕНЮ


                              



  

№ 61 орта мектеп

2018-2019 оқу жылы

Қамқоршылық кеңес құрамы

Қамқоршылық кеңесі құрамының мүшелері

Жұмыс орны

телефон

1

Балтабаева Айнаш Есмаганбетовна

Бухгалтер ТОО «Управляющая  Компания»Каскад– Алматы

87022146975

 

                 

2

Жумагулова Гулден Хамитовна

Кассир

«КазГер Мұнай»

87016183999

3

Сулейменова Фарида Нургалиевна

юрист

87783135555

4

Муздыбекова Гулсила  Орынбековна

Главный эксперт МОН

87014491748

5

Спиянова Ұлжарқын Серикбаевна

преподаватель

87759509612

6

Нахипова Мөлдір    Агабекқызы

медсестра

87753448368

7

Жагипарова Баян  Аманжоловна

Воспитатель детского сада

87761284670

8

Дуйкенова Зауреш Хамитовна

Бухгалтер

87055859010

9

Оңласын Арайлым Жарылқасынқызы

Өзін-өзі басқару ұйымы

87758724516








































Астана қаласы

№61 орта мектеп

Қамқоршылық кеңестің отырысы

Хаттама № 1

 

Өткізілген уақыты: 5.09.2018 жыл

Қатысқандар: 

Мектеп директоры: К.А.Жангазакова

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:

А.Ш.Шамшатова А.Т.Аренова

Әлеуметтік- педагог : Мухамеджанова Ж.

 

 

                      Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

·         «Қамқоршылық кеңестің» ережесі, мақсат-міндеттерімен таныстыру

·          Қамқоршылық кеңес мүшелерін сайлау

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры К.А.Жангазакова  «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.

·         Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

·         Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.

·         Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

·         Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.

·         Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Сонымен қатар,мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына  кеңестің құрамына тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша сөз алған қамқоршылық кеңесінің төрайымы Балтабаева Айнаш Есмаганбетовна  қамқоршылық кеңес құрамының мүшелерінің функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. 

Сонымен бірге 2018-2019 оқу жылында мектепте өткізілетін іс-шаралар жоспары, сыныптан тыс ертеңгіліктердің ұйымдастырылуы мен өтілу барысы туралы директордың тәрбие ісінің орынбасары А.Ш.Шамшатова мәлімет берді.

 

 

                                                         Шешімі:

    1.Қамқоршылық кеңестің жұмысы жандандырылсын.

2 .Қамқоршылық кеңес құрамына  ұсынылған тұлғалар кеңес

   мүшелігіне  сайлансын.

    3.2018-2019 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің

       жұмыс жоспары   іске асырылсын.

 

Хатшы: Дуйкенова З.Х.

Астана қаласы

№ 61 орта мектеп

Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының

                                                                                                                        Хаттамасы

 

 

Күні: 4.01.2019жыл

Қатысқаны:  1948  ата-ана

 Күн тәртібінде:

 1.Оқу –тәрбие жұмысының қорытынды есебі

2.2019 жылға бөлінген  қаражаттың орындалуы

3.Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру

 4.Жалпы оқу қорындағы мектеп қаржысының жұмсау  есебі

5. Қамқоршылық кеңесінің есебі

 

 

Тыңдалды:

Жалпы осы мәселелер бойынша мектеп директоры Жангазакова Кенжесары Апсеитовна сөз алды.  Құрметті ата-аналар, ұстаздар!   Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша дирктордың оқу ісі жөнідегі орынбасары А.Е.Бекеева  мектептің білім беру жүйесінің жетістіктерін  баяндады 2018-2019 оқу жылындағы 2 тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткішін қорытындылады. 2 тоқсан қорытындысы бойынша 2108 оқушы аяқтады.1-4 сыныптарда 34 сынып, 822 оқушы, 5-9 сыныптарда 44 сынып 915 оқушы, 10-11 сыныптарда  8 сынып, 211 оқушы бар.Үздік оқушылар   -264, екпінді  оқушылар 660,жалпы білім сапасы 53%. Сонымен бірге  арнайы ақылы қызметтер бойынша  Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 63-бабына  3-тармағына,жұмыстарды,қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2009жылғы 20 шілдедегі бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2009жылғы 20шілдедегі № 1102 қаулысын басшылыққа ала отырып, директордың  оқу ісі жөніндегі  орынбасары Бекеева А.Е. ата-ана мен баланың таңдауы бойынша  ашылатын ақылы үйірмелердің тізімімен таныстырды.

                       1-11 сыныптар

Қосымша сабақтар мен үйірмелер атауы

       Ақысы

1

      Математика

Академиялық 1 сағат (40 мин)-1 күнге 450 теңге.  1,5 сағат (60 минут) - 1 күнге 675 тенге

                Аптасына 2 рет -1350.    Айына -5400т

2

      Эссе жазу әдістері

3

      Ағылшынша сөйлей білейік

4

Физика әлемінде

5

Әлемде талай қызық бар   (жаратылыстану)                       

6

Тіл дамыту (қазақ т)

7

Биология және тіршілік

8

Тоғызқұмалақ,  «бес асық»

9

Қол өнер

10

Су моншақ сиқыры (бисер мен жұмыс)

11

Шахмат

12

      Вокал 

13

Еркін күрес

14

Домбыра

15

Би

16

Каратэ

 Мектебіміздің жетістіктерін директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Қасымжанова Г.Б баяндады. 2018-2019 оқу жылында мектебімізде 124 ұстаздар  жұмыс жасайды. Оның ішінде біліктілігіне қарай «шебер педагог»-1, «зерттеуші мұғалім» -16, «сарапшы мұғалім»-6, «модератор» -5.Жоғары санатты-32, Бірінші санатты -22, Екінші санатты -31, Санаты жоқ -39. Жоғары білімді-110, орта арнаулы-14.Оқушылардың жетістігіне келер болсақ, ғылыми жоба бойынша қалалық кезеңнен 1 орын-1, 2орын-1,3 орын-3. «Зерде» ғылыми жобасы бойынша 10 оқушы қалалық кезеңге өтті.Аудандық олимпиадаға 40 оқушы қатысып, оның 3 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды,8 оқушы мақтау қағазымен марпатталды.Қалалық «Сөз құдіреті» сайысында  1 оқушы  3орын иеленсе, 1 оқушы  мақтау қағазымен марапатталды.Қалалық «Зерделі тұлға» сайысында 1 орын-1,2орын-3,3орын-4, мадақтама-3 оқушы марапатталды.

Спорттық жарыстарда Сарыарқа аудандық  оқушылар арасында өткізілген спартакиада № 61 орта мектебінің баскетболдан ұлдар командасы 1 орын иеленді, Астана қаласы бойынша оқушылар арасында өткізілген спартакиада

№ 61 орта мектебінің баскетболдан ұлдар командасы 1 орын иеленді,Республикалық жарысқа жолдама алды.Өнер саласына келер болсақ, «Абыз-домбыра» атты күйшілер мен әнші- термешілер байқауында   4 сынып оқушысы Аспанов Ислам мен Тойшыбек Санжар 3 орын иеленді.Қалалық «Күмбірлеген  домбыра үні» байқауында  Кииков Серікбай  3 орынға ие болды. «Күй қайнары» атты қалалық  күй тартыста Кииков Серікбай 2 орын алды. Мектебіміздің «Сезім» би тобы халықаралық конкурста 2 дәрежелі  дипломмен марапатталды.Мектебіміздің әлеуметтік-педагогы Мухамеджанова Ж.Б. оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыруды баяндады.

2018-2019 оқу жылында Білім басқармасының бұйрығы негізінде бастауыш сыныпта 835 оқушы, даярлық топтан – 175 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.Ақысыз тамақтанатын оқушылар қатарына 5-11 сыныптар арасында  ата-аналар қамқорлығынсыз қалған оқушылар және тұрмысты аз қамтылған оқушылар кіреді.   Тегін тамақтануға отбасылық жалпы табыс күн көріс табысынан төмен болған жағдайда ата-аналарының өтініші негізінде жіберіледі. Осы уақытқа дейін тегін ыстық тамақпен  жетім 6 оқушы және  98 аз қамтылған  отбасы балалары қамтылған.Тегін ыстық тамақтың сапасына мониторинг жүргізіп отыру үшін мектеп әкімшілігі және ата-аналар комитет мүшелерінен құралған бракеражды комиссия құралған. Айына 2 рет асхананың жұмысына бақылау жүргізіп, акт жасалады. Акт мектеп сайтына орналастырылды. Төртінші мәселе бойынша мектеп директоры К.А.Жангазакова ата-аналарға  жалпы оқу қорындағы мектеп қаржысын, жан басына қаржыландырудың қандай артықшылықтары  бар екендігі жайында ақпарат берді.Сонымен қатар, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Балтабаева Айнаш Есмаганбетовна сөз алды.Қамқоршылық кеңесінің мақсаты оқушылардың тәрбие және білім алу сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие үрдісін ынталандыру, бюджеттен тыс тартылған қаржыны мақсатты  жұмсау, мектептің материалдық – техникалық базасын, аумағы мен ғимаратын абаттандыруға жәрдемдесу, заңды көмек көрсету.Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына 1рет  немесе қажеттілікке сәйкес өткізіліп тұрады.Егер шұғыл мәселелер туындаса,кеңес жоспардан тыс отырыс жасайды. Мектеп әкімшілігі әрдайым қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады. .«Қамқоршылық» кеңесінің іс -шара жоспары бекітіліп, қыркүйек айында мөлтек аудан бойынша әлеуметтік қамқорлыққа алынатын оқушылардың тізімін сынып жетекшілерімен бірлесе диагностика жасалып, оның ішінде жетім, жартылай жетім, оралман, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен  отбасы балалары анықталды. Қазан айында қамқоршылық  кеңесі мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» Заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны және ҚР «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы Заңы» оның ішінде ата-ананың міндеті талқыланды. 
Қамқоршылар кеңесі мен мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісі жүргізіліп, атында мүлкі бар немесе жоқтығын, оның сақталуын анықтап, аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетім оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісі жүргізілді.
Қазан айында педагог-психолог Қасымбекова А.Ш. жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетім оқушылардың әлеуметтік-психологиялық диагностика жұмыстарын атқарды. 

«Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы барысында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 52 оқушыға көмек көрсетілді. Ол қаражат жағдайы төмен отбасы оқушыларына мектеп сөмкесі  және оқушыға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

Мектебімізді «Қазақстан Республикасында білім беруді ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру  үдерісіне  енген жаңартылған бағдарлама туралы қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен мектеп директоры К.А.Жангазакова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Бекеева таныстырып, оқушының құзіреттілігін  арттыру үшін білім сапасын күшейтуіміз керек екендігі туралы кезекті қамқоршылық кеңесінің отырысында баяндама оқып, түсіндірді.Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.

Сонымен қатар, мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтуде қамқоршылық кеңесінің төрайымы Балтабаева Айнаш Есмаганбетовна кеңес мүшелерінің  мектеп өміріндегі барлық іс-шараларға қатысып жүргендігін, алдағы уақытта балаларымыз дұрыс білім алсын десек, білім сапасы жақсарсын десек, үштік одақ «Мектеп-Оқушы-Ата-ана» ынтымақтастықта жұмыс жасайық,- деп сөзін аяқтады.

                                            Шешімі:

 

1.   Оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы  «қанағаттанарлық» деп танылсын.

2. 2019жылға  бөлінген қаражат жоспарлы түрде жұмсалсын.

3.  Оқушыларды сапалы  ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру талапқа сай жүргізілсін.

4. Жалпы білім беретін мектеп қорының есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.

5. Қамқоршылық кеңес  жұмысының есебі «қанағаттанарлық» деп танылып,жұмыс жүйесі жандандырылсын.

 

 

                                

 

                             Хатшы:З.Х.Дуйкенова
                                                                                                            Нұр –Сұлтан қаласы

№61 орта мектеп

                                             Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылында 1жартыжылдық бойынша атқарған жұмысының есебі

Қамқоршылық кеңесінің мақсаты: Оқушылардың тәрбие және білім алу сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие үрдісін ынталандыру, бюджеттен тыс тартылған қаржыны мақсат бойынша жұмсау, мектептің материалдық – техникалық базасын, аумағы мен ғимаратын абаттандыруды жетілдіруге жәрдемдесу, заңды көмек көрсету.Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына 1рет  немесе қажеттілікке сәйкес өткізіліп тұрады.Егер шұғыл мәселелер туындаса,кеңес жоспардан тыс отырыс жасайды. Мектеп әкімшілігі әрдайым қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады. .«Қамқоршылық» кеңесінің іс -шара жоспары бекітіліп, қыркүйек айында мөлтек аудан бойынша әлеуметтік қамқорлыққа алынатын оқушылардың тізімін сынып жетекшілерімен бірлесе диагностика жасалып, оның ішінде жетім, жартылай жетім, оралман, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балалары анықталды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасы және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар оқулықпен қамтамасыз етілді. Мектеп асханасын жалдаушысы тарапынан келісімшарт құрылып, оқушылар тегін ыстықтамақпенқамтылды. Қазан айында қамқоршылық  кеңесі мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» Заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны және ҚР «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы Заңы» оның ішінде ата-ананың міндеті талқыланды. 

Қамқоршылар кеңесі мен мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісі жүргізіліп, атында мүлкі бар немесе жоқтығын, оның сақталуын анықтап, аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетім оқушылардың үйлеріне тұрғын-жайактісіжүргізілді.
Қазан айында педагог-психолог Қасымбекова А.Ш. Журкеева А.Ж. жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетім оқушылардың әлеуметтік-психологиялық диагностика жұмыстарын атқарды. 

«Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы барысында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 52 оқушыға көмек көрсетілді. Ол қаражат жағдайы төмен отбасы оқушыларына мектеп сөмкесі  және оқушыға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

Дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік іс-шараларға кеңестің қосатын үлесі зор. Оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын да қамтамасыз етіп отырады.Қамқоршы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қамқоршы ата-аналар арнайы түрде шақырылды. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ұстаздар ұжымы, оқушыларымыз ізгі тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтады. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Балтабаева А.Е. кеңес мүшелеріне және мектеп директорына ынтымақтастыққа жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді.

 

 

Хатшы: Дуйкенова З.Х.

 

 

Астана қаласы

№ 61 орта мектеп

 Хаттамасы

 

 

Күні: 15.05.2019жыл

Қатысқаны:  1948   ата-ана

 

Күн тәртібінде:

 

1. Мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері

2. 11сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және мектеп түлектерінің бітіру кештерін өткізу;

 3.Қамқоршылық кеңесінің есебі

 

                                                     Тыңдалды:

Жалпы осы мәселелер бойынша мектеп директорының міндетін атқарушы Касымжанова Гульнур Байбековна сөз алды. 

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі 15мамыр –Халықаралық отбасы күніне арналған жалпы  ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Алайда, бүгінгі өткізгелі отырған  жиналыстың орны ерекше. Ата-ана жиналысы Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) арналады. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады.

Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі болып табылады.

Мектебімізде «үштік» одақтың, яғни «ұстаз–оқушы–ата-аналар» арасындағы байланыс қарқынды жұмыс жасауда, әлі де жалғасын табады.

Жел бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің  ұйытқысы ата- ана  мен мектеп.Болашақ десек те, келешек десек те бала ұрпақ деген мағынаны білдіреді.Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы- дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.Сондықтан бүгінгі  таңда елімізде білім беру  мазмұны  жаңа бағытқа бет бұрды. Атап айтқанда, мектепте жеке тұлғаны рухани қалыптастыруға жоғары басымдылық беріліп, үш тілде еркін сөйлейтін тұлғаларды тәрбиелеп шығару көзделіп отырғанын айтып өтті.

Екінші  мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Есенгелдіқызы 11сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындыларыларын айтып өтті.Түлектердің мектеп бітіру кештері және ҰБТ төңірегіне біршама мәліметтер беріп өтті.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Балтабаева Айнаш Есмаганбетовна кеңес мүшелерінің  мектеп өміріндегі барлық іс-шараларға қатысып жүргендігін, алдағы уақытта балаларымыз дұрыс білім алсын десек, білім сапасы жақсарсын десек, мектепке көмек көрсетіп, қол ұшын берейік!Қайырымдылық шараларында ұйымдастырылған іс-шараға қамқоршы ата-аналар арнайы түрде шақырылды. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері ұстаздарға  ізгі тілектерін білдірді. Кеңес мүшелерінің ынтымақтастыққа жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді.

Соңғы сөз кезегін мектеп директорының міндетін атқарушы Касымжанова Гульнур Байбековна  алдағы жаз мезгілінде  балалардың  өмір қауіпсіздігі айтып өтті.Жалпы бала тәрбиесіне  көп мән беріп, баланың жанына, жүрегіне  сызат түсіріп алмауды ойлаңыздар, көп уақытыңызды  балаға арнаңыздар.Балаға жауапкершілікпен  қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындап, бірлесе әрекет етуіміз қажет деп жиналысты қорытындылады.

 

                                            Шешімі:

 

1.   Мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері

«қанағаттанарлық» деп танылсын.

2.   11сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары « қанағаттанарлық» деп танылсын.

3.Қамқоршылық кеңестерінің қызметін күшейту қолға алынсын

 

 

 

                                       Хатшы: Дуйкенова З.Х.

                  

 

 

 



























 









Статистика
  • Осы айда 210
  • Осы аптада 75
  • Кеше 7
  • Бүгін 4
  • Желіде 1

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33