Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің «№ 61 орта мектеп « ММ  Қамқоршылық кеңесін құру туралы 2017 жылдың 12 мамыр күні  жалпыұлттық  ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерін қарастыру мақсатында мектепішілік ата-аналар жиналысы  болып өтті.Қамқоршылық кеңесі туралы, оның мақсаттары мен міндеттері, кеңестің құрамы, функцияналдық міндеттері туралы түсінік беріліп, мектепішілік «Қамқоршылық кеңесі» құрамы құрылып, төрайымы Байтайлакова С.Г.  бекітілді. Бұйрық № 644 25.09.2017жыл

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ   

1.3 Қамқоршылық кеңесі- қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.

1.4 Қамқоршылық қолдау алатындар  - қамқоршы бөлетін және тартатын қаржыға Қазақстан Республикасының жас ұрпағын дамытумен байланысқан білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін атқаратын қоғамдық және заңды  тұлғалар.
1.5 Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беру мекемесінің Жарғысы мен заңды тұлға статусынсыз осы Ереже негізінде әрекет жасайды.
1.6 Қамқоршылық кеңесінің мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту,заттай  және ақшалай қаржыларды белсенді пайдалану.
1.7 Қайырымдылық және демеушілік жарнасынан түскен және қайырымдылық көрсетушілер қосқан қаржы есебінен сатып алынған барлық мүлік мекеменің меншігі болып табылады және бекітілген тәртіпте балансына алынады.



ҚАМҚОР ШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ
                           

2.1 Қамқоршылық кеңес құрамына кіреді:
- әлеуметтік серіктестерінің өкілдері;
- қоғамдық ұйымдардың өкілдері;
- ата-аналар жұртшылығы мен педагогикалық кеңес өкілдері.
2.2 Қамқоршылық кеңесінің жеке  құрамы білім беру мекемесінің жалпы жиналысының ұсынысы ескеріліп, білім беру мекемесінің әкімшілігімен қалыптастырылады.
2.3 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы  білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланады. Төрағасының өкілеттілік мерзімі Қамқоршылық кеңесіндегі оның басшылығы мерзімімен шектеледі. 
2.4 Төрағасының орынбасары мен хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады. 
2.5 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің  арасында тапсырмаларды бөлу  кеңестің отырысында  белгіленеді.
2.6 Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз  тапсырмаларын өтеусіз негізде орындайды.
2.7 Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қамқоршылық Кеңесінің жалпы жиналысымен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.



3. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1 Жалпы білім беру ұйымының жұмысының  айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

3.2 Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.

3.3 Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

3.4 Мектеп органдарының  жұртшылықпен тиімді қарым –қатынасы үшін жағдай жасау.

3.5 Мектептің   білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.

3.6 ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны  тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.

3.7 Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.

3.8 Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. еп және есеп берушілік қазіргі заңнамалар бекіткен ретте жасалады.

5. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

5.1 Қамқоршылық кеңесі жылына 4 мәртеден кем емес отырыс өткізеді.

5.2 Қаралған сұрақтар бойынша Қамқоршылық кеңесі шешім қабылдап, білім беру мекемесінің әкімшілігі мен Педагогикалық кеңес мәліметіне жеткізеді.

5.3 Қамқоршылық кеңесінің білім беру мекемесі материалдық-техникалық базасын дамыту үшін берген қаражат қаржыларын білім беру мекемесінің пайдалануы туралы жарты жылда бір рет директор есеп береді.

5.4 Білім беру мекемесін дамыту мүддесі үшін бюджеттен тыс қаржыны мақсатты және тиімді пайдалануы үшін жауапты.

5.5 Білім беру мекемесінің бюджеттен тыс қаржысының шығысын бақылайды.

5.6 Қамқоршылық кеңесінің барлық шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.

5.7 Қамқоршылық кеңесі оқтын-оқтын мектеп ата-аналар комитеті алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

 


 

6. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ІС ҚАҒАЗДАРЫ


6.1 Қамқоршылық кеңесінің отырысында кеңестің төрағасы мен хатшының қолы қойылған  хаттама жүргізіледі.

6.2 Хатшының міндеті Қамқоршылық кеңесінің бір мүшесіне жүктеледі.

6.3 Құжаттары Қамқоршылық кеңесінің төрағасында 1 жылға сақталады. Ереженің нақтылы мерзімі:  білім беру мекемесінің үлгісі (немесе түрі) өзгергенге дейін.




7. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.


 

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:
- демократиялық;
- алқалық;
- ынтымақтастық ұзақтығы;
- жұмысының жариялылығы пен ашықтығы.

Қамқоршылық кеңесіне қатысушылардың жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:
- еріктілік;
- жұмыс заңдылығы және барлық қатысушылардың құқықтық теңдігі;
- көмек алушылардың  таңдау еріктілігі;
- қайғыға ортақтасу,мейрбандық,риясыздық рухани құндылықтары.





Статистика
  • Осы айда 212
  • Осы аптада 71
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33