Меню KDT
МЕНЮ

 Баскетболдан қыздар арасындағы жарыс

Қаламызда түрлі шараларға байланысты спорттың әр түрінен жарыстар мен достық кездесулер өтіп отыратыны белгілі. Соның бірі сарыарқа ауданы бойынша қыздар арасындағы баскетболдан өткен жарыс. Мектебіміздің «Қыздар» құрама командасы осы додада топ жарып, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Ж.А.Каиркуловаға алғыс айтамыз


Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі



«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.»
 - деп Елбасымыз айтқандай, бүгінгі жастарымыздың Отанға деген, Жерге деген махаббаты сүйсіндіреді. Жанарынан Ел мен Жерге деген махаббат оты жалындап тұратын сондай жас ұрпақтың бірі Астана қаласы 61 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Тәліп Мұстафа. Мұстафа болашағынан зор үміт күттіретін жеткіншек.

Күні кеше, қаңтар айында Дзюдо күресінен Ресей Федерациясы Омск қаласында халықаралық турнир өткен болатын. Сол додада Мұстафа ел үмітін ақтап, жүлделі І орынға ие болып, чемпион атанды.

«Ел ерімен мақтанады» демекші, дүйім қазақтың мақтанышы болып, бағың мен бабың қатар шапсын! Біз саған сенім артамыз!Жүлде құтты болсын!













 

«Жас Ұлан» ұйымының астаналық белсенділерімен кездесуі

        «Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің және Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Жас Ұлан» ұйымының астаналық белсенділерімен кездесу өткізілді.

     Іс-шара мақсаты  - жастар арасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру. Кездесуге 10-сынып оқушы Шаймұрат Нұрдана қатысты.




Елбасы кітапханасында өткен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына  қабылдау салтанатты жиыны

 

         Еліміздің мерейлі мерекесіне орай Елбасы кітапханасында астаналық жасұландықтар сап түзеді. 14 желтоқсанда ұйымның қатарына салтанатты түрде 55 оқушы қабылданды. №61 орта мектептің атынан салтанатты жиынға Әбілакім Нұрперзент қатысты. Оқушылар салтанатты түрде ант қабылдап, «Жас Ұлан» ұйымы қатарына өтті.



Елімнің – бағы Елбасым

Бүгін 05.12.2017 жылы Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің оқушылары Тұңғыш Президент мұражайына барып, мұражайдың ішіндегі мұрағаттармен таныс болды. Сонымен қатар, музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея Республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі және де оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылатындығынан хабар алып, Мемлекет Басшысының жеке кітапханасымен танысты.







Спорт – денсаулық кепілі. Спортты жастайынан жанына серік еткен мектебіміздің жалынды жас спортшылары әрбір жарысқа жоғары дайындықпен қатысып, мектебіміздің беделін аспандатып келеді. Астана қаласы № 32 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен өткен баскетболдан қыздар арасындағы «Sporfest Kazakhstan» жарысында №61  орта мектебінің «қыздар» құрама командасы ІІІ орынға ие болды. Ұйымдастырушыларға алғыс айта келе, спортшыларымызды құттықтаймыз!!!




Оқушылар сарайындаөткен  «Достық» атты қыздар арасындағы баскетболдан жарыста мектебіміздің «Қыздар» құрама командасы жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Ж.А.Каиркуловаға алғыс айтамыз




Бүгін 05.12.2017 жылы Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің оқушылары Тұңғыш Президент мұражайына барып, мұражайдың ішіндегі мұрағаттармен таныс болды. Сонымен қатар, музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея Республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі және де оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылатындығынан хабар алып, Мемлекет Басшысының жеке кітапханасымен танысты.






Мектебіміздің волейболдан «Қыздар» құрама командасы  қыздар арасындағы спартакиядан Сарыарқа ауданы бойынша ІІ орынға ие болды. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Асқаровқа алғыс білдіреміз.





Елімнің – бағы Елбасым

Бүгін 05.12.2017 жылы Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің оқушылары Тұңғыш Президент мұражайына барып, мұражайдың ішіндегі мұрағаттармен таныс болды. Сонымен қатар, музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея Республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі және де оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылатындығынан хабар алып, Мемлекет Басшысының жеке кітапханасымен танысты.



1


2017 жылдың  қазан айының 13, 18-20 күні 2-10 сыныптар арасында «Алтын күз» атты алтын күз мерекесі өтті.
       Сайысқа әр сыныптан бес оқушыдан қатысты. Сайыс оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылды. Оқушылардың дайындаған жұмыстарын әділ – қазылар мүшелері тексеріп, әр тур сайын өздерінің бағаларын беріп отырды.
Бұл сайыста әр сынып өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды. Сары күзбен сағынысып қауышқан оқушылар «алтын күз» көрмесіне ерекше дайындалған. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстау, қадірлеу мақсатын көздеген іс-шарамызда оқушылар жоғары деңгейде ат салысып, белсенділік танытты.













Статистика
  • Осы айда 212
  • Осы аптада 71
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33