Меню KDT
МЕНЮ

                                   
  Нұр –Сұлтан  қаласы

                                                                                    Білім  басқармасына

     № 61 орта мектептен

«Парасат» бұрышы

   № 61 орта мектебінде  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау» бағытында іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады.Мектебімізде  осыған орай жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын тәрбиелеу негіздеріне сәйкес « Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жасайды.

            
 

Нұр –Сұлтан  қаласы № 61 орта мектептің  ұжымы жиналысы
       ХАТТАМАСЫ

  1. 11.2019 ж.
  • педагогикалық ұжым (тізімі келтірілді) және әр сынып ата -аналар комитетінің төрағалары.                           Күн тәртібінде:
  1. Орта білім беру мекемелер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша өткізілген бейнеконференц байланыс жиналысы сұрақтарын орындау туралы
  2. Тыңдалды:
  • тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Е.А.Омарханов тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңының мақсатын сөйлеуші атап өтті. 1.Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. 2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Осы мақсаттарды білім беру ұйымдарында да орындап отыруға міндеттіміз. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің есептерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мониторинг өткізу. Мектепте ата аналар комитетінің мүшелері арасында заңсыз ақша жинау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыруды қамтамасыз ету, қадағалау жүргізіліп отырсын.

 

                                         Қабылданған қаулы:

1.№ 61  орта мектеп қызметкерлері:

- Ата -аналардан жөндеу жұмыстарына, құрал- жабдықтар, оргтехникалар, сынып қорына, жиһазды сатып алуға, мектеп аттестациясын өткізуге, педагогикалық ұжымға сыйлықтарға, мерекелерге қарсы іс- шаралар өткізуге және басқаларға мәжбүрлеп ақша қаражаттарын жинауға тыйым салынсын;

- Педагогикалық ұжым және ата- аналар комитетінің мүшелері арасында заңсыз ақша жинау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

- Аталмыш мәселені талдау барысы туралы ата -аналар жиналысында комитет төрағалары жеткізсін;

      Нұр –Сұлтан  қаласы

        № 61 орта мектеп

Хаттама

№ 61 орта мектебінде  2018 жылдың 21 қыркүйегінде  «Құқықтық тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа қатысушылар: Мектеп  әкімшілігі, ата-аналар

 «Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын,болашағына кесірін тигізетін індет».

Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.

Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осыған орай № 61 орта мектеп бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде. Мектеп басшысы К.А.Жангазакова  педагогикалық ұжыммен«Құқықтық тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі»  тақырыбында жиналыс өткізді.Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.

3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Әр мұғалім білуі тиіс:

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыс түрлеріМектептің 1 қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.Қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп басшысы Е.А.Омарханов  педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында жиналыс өткізді. «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Ата-аналардың бұйрықпен танысқаны туралы қолдары қойылды.Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.

             

    № 61 орта мектебінде 2020 жылдың қаңтар айында   9-10 сынып   арасында «Құқықтық  сауаттылық -  заман талабы» атты тақырыпта  сынып сағаттары өткізілді.

                 

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар арасында ой толғау (эссе) жазылды.

              

Мектеп оқушыларының арасында бопсалауды болдырмаудың алдын алу мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Сауалнамаға 459 оқушы қатысып, ойларын ортаға салды.

 

 




Статистика
  • Осы айда 212
  • Осы аптада 71
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33