Меню KDT
МЕНЮ

Наградалары, атағы, ғылыми атағы және дәрежесі:

  1. 2014 ж. «Болашақ ұрпақтарымыздың тәрбиесіне үлес қосқаны үшін» Алғыс хат.

Жұмысы туралы пікір:

Бухаева Дана Даулетбековна  осы мектепте  2013 жылдан бастап еңбек етіп келеді.  Осы уақыт ішінде өзін білікті де білімді, шығармашыл ұстаз екендігін көрсете білді. Шығармашылық тақырыбы: «Биология және өзін-өзі тану пәндерәнде әр түрлі ақпараттық технологияларды  қолдану арқылы  оқушылардың  пәнге деген  қызығушылығын арттыру» білімді оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп, оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылықтарын оятып,ынтасын арттыру мақсатында шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген ұстаз.

2013-2014 оқу жылы 6 сыныптармен «Білгірлер мекені» тақырыбында сыныптан тыс  жұмыс өткізіп, сабағы жақсы деп бағаланды.

2013-2014 оқу жылы5е және 5д сыныптар арасында «Салауатты өмір салтын сақтайық» атты ашық тәрбие сағаты жұмыстарын өткізді.

2014-2015 оқу жылы  6 Ә сыныбымен«Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, сабағы орташа деңгейде бағаланды.

2015-2016 оқу жылы7 сыныптармен  «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» интелектуалдық  сайыс  өткізіп, сайыс өз дәрежесінде деп бағаланды.

2015-2016 оқу жылы  7 В сыныбымен «Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, сабағы өте жақсы  деңгейде бағаланды.

2015-2016 оқу жылыӨзін-өзі тану пәнінен «Қарым-қатынас мәдениеті»,«Атамекен-алтын бесік», «Тамырын жайып тереңге» сонымен қатар биология пәнімен интеграцияланған  «Сегізаяқтар, кальмар, каракатица. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, сабақтары өте жақсы деп бағаланды.

          Бухаева Дана Даулетбекқызы «Жалпыадамзаттық құндылықтар –отбасылық тәрбиенің  негізі» ата-аналармен жиналыс, ұстаздармен семинар және де спорттық іс-шараларды өте жоғары деңгейде өткізді сонымен қатар оқушылары мектепішілік, калалық  сайыстарға  қатыстырып әр-түрлі  марапаттауларға ие болды.

6 ғ сынып оқушысы Нұрәлі Қарлығаш «Алтын жүректі анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысына қатысып, шығарған өлеңі жоғары деңгейде бағаланып «Алтын жүректі анамыз» өлеңдер жинағында  «Анашым» өлеңі жарық көріп  сертификатпен марапатталды.

2015-2016 оқу жылы  Халықаралық «NALANDA» олимпиадасына 29 оқушы қатыстырып барлығы жоғары көрсеткіш көрсетіп сертификаттармен марапатталды.

Жаңаша оқыту -  өмір талабы. Өз ісіне шын берілген Дана Даулетбековна жаңалыққа құштар жан. Мұғалім өзіне талап қоя біледі, әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті ұстаз. Ұстаздың еңбекқорлығы, ізденгіштігі, өзіне тән байыптылық, өзгеге көмегін аямайтын қайырымдылығы және жұмыс барысында ұжыммен тіл табыса алатын ерекше қасиеттерімен дараланады.

 

 

Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының шешімі:

Біліктілігі  жоғары  денгейдегі  екінші санатты  биология  пәнінің  мұғалімі талаптарына сай

Аттестаттау комиссиясының төрайымы:    ______________  К. А. Жангазакова

Аттестаттау комиссиясының

төрайымының орынбасары:              ____________  Г.Б. Қасымжанова

Комиссия мүшелері:                          ____________  А.Е.Бекеева

                                                              ____________   А.Ш.Шамшатова

                                                             ____________   Э.Қ. Джабаева

Хатшы:                                                ____________  А.Т. Тулеубаева

Жұмыс туралы пікірмен және қорытындымен  таныстым:  _____________

20___ жылғы «    » _____________

Статистика
  • Осы айда 212
  • Осы аптада 71
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33