Меню KDT
МЕНЮ

ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ АТТЕСТАТТАУ ПОРТФОЛИОСЫ АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Аттестаттау жұмысының   ұйымдастырылуы   туралы анықтама


"Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 мамырда № 13705 болып тіркелді

2017-2018 оқу жылында педагог қызметкерлерді атестаттау іс-шаралар жоспары бекітіліп, педагог қызметкерлерді атестаттау үшін  2017 жылғы 31 тамыздағы педагогикалық кеңестің шешімі бойынша атестаттау комиссиясының құрамы  бекітілді: 

Аттестаттау комиссиясының  төрайымы                                            Жангазакова К.А.        

Аттестаттау комиссиясы төрайымының     орынбасары                     Қасымжанова Г.Б.              

Комиссия мүшелері:             

  • Бекеева Айгул Есенкелдіқызы-  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
  • Шамшатова Ақжаш Шамшатовна  – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  • Джабаева Эльмира Куатовна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
  • Смайлова Гулнар Қадыровна - директордың  оқу   ісі жөніндегі орынбасары
  • Тулеубаева Асия Балтабаевна  - кәсіподақ ұйымының төрайымы, хатшы 

61 орта мектеп  директорының 2017 жылғы 25 мамырдағы бұйрығы негізінде 2017-2018 оқу жылында аттеcтаттауға өтініш бергені-27, аттестаттауға жіберілген мұғалімдер саны -27.

            2017 жылдың 25 мамырына  дейін  аттестаттауға өтініш берген төмендегі мұғалімдердің өтініштері қабылданып, аттестаттаудан өтуге жіберілді. 







1 қазанда аттестаттау жұмысының басталуына байланысты, аттестаттаудан өтуге өтініш берген мұғалімдердің тізімінде өзгерістер енгізілді:

Аттестаттаудан тізімінен шығарылған мұғалімдер:

  • Сәлімжан Елпат  «Қоянды» мектебіне  ауысып кетуіне байланысты
  • Меллатхан Гүлсара «Қоянды» мектебіне  ауысуына байланысты;
  • Мухамадиева Гулмира Советтолаевна дектерттік демалысқа кетуіне байланысты
  • Темирбаева Баян Мэлсовна декреттік демалысқа кетуіне байланысты

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты растауға- 5, жоғары санатқа өтуге -2, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатқа өтуге8, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатқа өтуге-8.

Тамыз, қыркүйек айларында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 272 бұйрығы бойынша таныстыру - түсіндіру жұмыстары (семинар, жеке кеңес, директор алдында жиналыс) жүргізілді.

Қазіргі таңда, 2017-2018 оқу жылында аттестаттау жұмысын жүргізу жұмысы бойынша бұйрықтар шығарылып, аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 272 бұйрығы бойынша бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартына» сәйкес біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тестілер бойынша педагогикалық қызметкерлерді мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі болып табылады. «Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуден ұйымдасқан өткізу технологиясын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес, педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдасқан түрде ұйымдастыру жөніндегі Астана қаласы Білім басқармасы және Білім және ғылым министрлігінің ұлттық тестілеу орталығының хаты негізінде  тестілеуден өтетін мұғалімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осыған сәйкес, 15 қазанға дейін тестілеуге қатысатын мұғалімнің  тізімі  тапсырылды,   5 мұғалім, жедел аттестаттаудан өтеді.

Білім басқармасының «деректер  базасына» енгізу үшін 10 бағаннан тұратын арнайы үлгіге сәйкес қызметкерлердің өз қолымен толтырылған, олардың құжаттары туралы мәліметтер және тестілеуге қатысу туралы өтініштері де қоса тапсырылды.

«Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысы және тестің үлгі сұрақтары» брошюра материалдары дайындалып, ҚР Заңнамалары, педагогика, психология, оқыту әдістемелері бойынша мұғалімдері байқау тестілеріне дайындау жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.

 

61орта мектептің   2017-2018 оқу жылында  тестілеуден өтетін мұғалімдер тізімі

  • Дутбаева А.Қ.
  • Мағжан Ә
  • Бижанова Л.Ж.
  • Мұратқан Ә
  • Нұрлан М

Шешім:

  • 2017-2018 оқу жылында педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша жасалған іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілсін.
  • Биылғы оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізу аттестаттау комиссиясына тапсырылсын.
  • Аттестаттау жұмысын қадағалау аттестаттау комиссиясының мүшелеріне  тапсырылсын.
  • Астана қаласы Білім басқармасы бекіткен тізім бойынша  жедел аттестатталушы педагог қызметкерлерді аттестаттаудың І кезеңіне, біліктілік тестілеуге қатыстыру қадағалансын.

 

Статистика
  • Осы айда 212
  • Осы аптада 71
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33