Меню KDT
МЕНЮ

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:      1. Қоса беріліп отырған:      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары;      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.      2. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.      3. Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      Білім және ғылым Министрі                  А. Сәрінжіпов

ҚазақстанРеспубликасы      Білімжәнеғылымминистрінің   2016 жылғы 27 қаңтардағы    № 83 бұйрығына 2-қосымша  

   Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

  1. 2. Аталған Қағидалар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес аттестаттаудан өтетін мемлекеттік кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды.      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:      1) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;      2) біліктілік санаты – қызметкердің жұмысты орындау нәтижелілігін көрсететін біліктілік талаптарының деңгейі;      3) біліктілік тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тестілер бойынша педагогикалық қызметкерлерді мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі;      4) біліктілікті арттыру ұйымы – педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;      5) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санаттарын (растау) беру үшін аттестаттау – қызметкердің мамандық бойынша кәсіби қызметті орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттілігін кешенді бағалауды белгілейтін жүйелі әрекеттердің тәртібі;      6) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу негізінде оның кәсіби құзыреттілігін бағалау бойынша іс-шаралар жиынтығы;      7) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар – «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымды атқаратын тұлғалар;      8) сараптау – педагогтің кәсібилілік деңгейін және педагогикалық қызметінің нәтижелерін кешенді бағалау;      9) сараптамалық топ – педагог қызметкердің кәсібилілік деңгейін және біліктілік талаптарына сәйкестік дәрежесін бағалау үшін біліктілікті арттыру жүйесінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінен қалыптастырылған тәуелсіз алқалы орган.      4. Аттестаттау педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін оның кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде анықтау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.      5. Аттестаттау міндеттері мыналар болып табылады:      1) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық құрамының жоғары сапасын қамтамасыз ету;      2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру саясатымен айқындалатын міндеттерді іске асыруға жеке-кәсіби дайындығын арттыру;      3) қызметі шеңберінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың үздіксіз білім алуын ынталандыру.      6. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың негізгі қағидаттары алқалылық, ашықтық, жүйелілік, айқындылық, объективтілік болып табылады.

      Ескерту. 4-тараумен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта,   жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта   білімнен кейінгі білімнің білім беру      бағдарламаларын іске асыратын білім беру     ұйымдарында жұмыс істейтін педагог       қызметкерлер мен оларға теңестірілген       тұлғаларды аттестаттаудан өткізу        қағидалары мен шарттарына қосымша      

нысан

2. Аталған Қағидалар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес аттестаттаудан өтетін мемлекеттік кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды.      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:      1) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;      2) біліктілік санаты – қызметкердің жұмысты орындау нәтижелілігін көрсететін біліктілік талаптарының деңгейі;      3) біліктілік тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

_____________________________________________________________________  (санаттарды растау/беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы)_____________________________________________________________________      (педагогтың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))_____________________________________________________________________                       (лауазымы, жұмыс орны)

ӨТІНІШ

      Мені 20 ____ жылы ____________________________ лауазымы бойынша біліктілік санатына _________________________________________________ аттестаттауды сұраймын.      Қазіргі уақытта _____ санаттамын, ол ____ жылға дейін жарамды      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

Жұмыс өтілі:

Жалпы

Мамандық бойынша

Педагогикалық

Осы білім беру ұйымында

      Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете отырып _____________________________________      Аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстым                                20 ____ жылғы «____» ________________                                               ______________________                                                       (Қолы)

  Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі      орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретіноқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог       қызметкерлер мен оларға теңестірілген     тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары  мен шарттарына 2-қосымша          

нысан

 КУӘЛІКБіліктілік санаттарын беру/растау үшін педагог қызметкерді аттестаттау туралы

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Осы куәлік _______________________________________________________________________________________________________________________ берілді      (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))

      Біліктілік санаттарын беру/растау жөніндегі аттестаттау комиссиясының 20____жылғы «___»_____________ шешіміне және ________________________________________________________________                    (білім беру ұйымының толық атауы)

20____жылғы «___»______________ бұйрығына сәйкес ______________________________________________________ біліктілік санаты берілді/расталды         (лауазым атауы)

      Комиссия төрағасы _____________________________________________               (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Комиссия хатшысы _____________________________________________               (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Мөр орны

      Тіркеу нөмірі ________

      Берілген күні 20___ жылғы «____» ________________

      Беру орны

Статистика
  • Осы айда 212
  • Осы аптада 71
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Желіде 0

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33