Меню KDT
МЕНЮ
Қазақстан Республикасы
                                                                                  Білім және ғылым  министрінің
2016 жылғы «16» қарашадағы
№ 660 бұйрығына қосымша
 
Қазақстан Республикасы
                                                                                   Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығыменбекітілген

 

 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

 

  1. Осы Ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:

 

1) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

 

2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

 

3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

 

 

 

 

2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық

аттестаттау жүргізудің тәртібі

 

1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.

Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың (баланың заңды өкілдерінің) келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.

  1. 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

    

 

3-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

 

1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

1) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша)                  (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант);

2) математикадан жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақтілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан;

4) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс, информатика) ауызша емтихан;

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатынмектептердеорыс тілінен тестілеу;

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс, информатика) тестілеу.

  1. облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), 11 (12) сынып білім алушылары және республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) дайындайды.
  2. 2 астрономиялық сағат, шығармаға 4 астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) 3 астрономиялық сағат (физика-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.

Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.

    9 (10) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау өткенге дейін жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанында қосымша бақылау жұмыстарын орындайды.

  1. Білім алушыларды денсаулық жағдайлары бойынша «Технология», «Алғашқы әскери дайындық» немесе «Дене тәрбиесі» оқу пәндерінен босату оларды келесі сыныптарға көшіруге және қорытынды аттестаттауға жіберуге әсер етпейді.
  2. Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.
  3. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден бағалары «5» болған 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
  4. № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

 

 

 

 

 

1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және                   11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;

2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған  9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған         11 (12) сыныптың білім алушыларына «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.

Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына       № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы куәлік беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына     № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

1) денсаулық жағдайына байланысты;

2) І - II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер.

1) осы Ереженің 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген, № 035-1/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

       2) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

3) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 502 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4991 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының сабақ үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі - табел) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.

  1. 2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
  2. № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін емтихан материалдарын дайындауды мектеп жүзеге асырады.

  1. рекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелерінде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы шешеді.

Арнайы түзеу мекемелеріне қорытынды аттестаттаудың емтихандарының материалдарын білім басқармалары әзірлейді.

  1. 9 (10) сынып білім алушылары бір-бірден немесе екіден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде өтеді.

Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртаңбасы басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге  Комиссияға тапсырады.

Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін үзіліске арналған ұзақтау уақыт ұсынылады.

  1. Математика пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.Оқыту тілі бойынша қайта жазбаша емтихан нысанын мектептің Комиссиясы белгілейді.

9 (10) сыныптағы шығарма және 11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математикадан жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

  1. 15 минут қалғанда ашылады.Математикадан материалдар салынған пакеттер 9 және 11 сыныптарда ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.
  2.              20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға                  1 балға төмендейді).

          42. Тестілеу МЖМБС-ға сәйкес «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО)   әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен осы Ереженің 18- тармағының                               4) және  5)   тармақшаларында көрсетілген оқу пәндері шегінде өткізіледі.

  1. 11 (12) сыныпта  тестілеуге әр пән бойынша 80 минут бөлінеді.
  2. мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия сол күні өздеріне ұсынылған дұрыс жауаптар кодына сәйкес мектепте жүзеге асырады.
  3. оның филиалдары арқылы жолдайды.
  4. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі оқу курсының емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың қағаз және электронды хаттамасына (бұдан әрі – Хаттама) енгізеді. Хаттамаға мектеп Комиссиясының мүшелері қол қояды.
  5. .

Білім алушының жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен оған жазба жұмыстарын тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.

  1. қорытынды бағаларды шығару кезінде төмендегілерді басшылыққа алу керек:

1) пән бойынша қорытынды баға ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағалары ескеріле отырып, жылдық және емтихан бағаларының негізінде анықталады (емтихан бағасы «4», «5» болған жағдайда ескеріледі);

2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;

3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.

  1. Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13 сағат 00 минутқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған  Комиссияға шағымданады.
  2. 1 ақпанға дейінгі мерзімде Комиссия мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Министрлік жанында (республикалық мектептер үшін) құрылады.
  3. Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.
  4. өкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
  5. өкілдері, сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) 11 (12) сынып білім алушыларының оқыту бейінін ескере отырып таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және   ҰТО  филиалына ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде жолдау;

3) емтихандарды, сондай-ақ тестілеуді, эссенің үлгілік тақырыптары, қорытынды аттестаттаудың сұрақтары мен тапсырмалары бойынша сынама емтихандар өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

4) қорытынды аттестаттау өткізу уақытына кезекшілер құрамын қалыптастыру және кабинеттерді қажетті техникалық жабдықтармен (тыңдалым үшін магнитафон) қамтамасыз ету;

 

5) 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының, оның ішінде жалпы орта білім туралы үздік және «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау және ауызша емтихан жауаптарын тыңдау, тестілеу нәтижелерін тексеру;

6) жазбаша емтихан жұмыстары, тесттілеу аяқталғаннан кейін және ауызша емтихан тыңдалғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;

7) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

8) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес бағаларға ауыстыру;

9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.

1)       білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2)       қорытынды аттестаттауды, сондай-ақ тестілеуді өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3)       апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

  1. Жұмыстардың қорытындысын шығару және «Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешімді қабылдау жөніндегі мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссияның қорытынды отырысы ағымдағы жылғы 12 маусымнан кешіктірілмей өткізіледі.
  2. Негізгі орта білім туралы үздік куәлік, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын және «Алтын белгі» белгісін иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
  3. нәтижелері ағымдағы жылғы тамыз айында оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте талқыланады. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды.

 

                                                        

 

 

 

 

                                                     Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың

үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық

және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне

2-қосымша

 

 

 

Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы

аттестаттың бағаларына ауыстыру

шкаласы

 

№ р/с

Пән

2 (қанағаттанарлықсыз)

3 (қанағаттанарлық)

4 (жақсы)

5 (өте жақсы)

1

Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

2

Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

4

Геометрия

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

5

Физика

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

6

Химия

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

7

Биология

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

8

География

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

9

Дүниежүзі тарихы

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

10

Орыс әдебиеті

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

11

Қазақ әдебиеті

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

12

Ағылшын тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

13

Француз тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

14

Неміс тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

15

Информатика

0 – 6

7 – 13

14 – 20 

21 – 27

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары оқу орындарына түсушілер үшін мамандықтар бойынша кәсіптік пәндер

 

 

Кәсіптік пәндер.

Мамандық

тар саны

 1

Математика + физика

52

 2

Математика + география

16

 3

Тарих + география

8

 4

Биология + химия

22

 5

Биология + география

13

 6

Тарих + шет тілі

15

 7

Оқыту тілі және әдебиеті (қазақ тілі немесеорыс тілі) + тарих

7

 8

География + шет тілі

4

 9

Химия + физика

5

 10

Шығармашылық емтихан

33

 11

Барлығы

175

 

 

Ескерту:

  1. Тарих (Қазақстан тарихы+дүние тарихы)

 

 

 

 

        

 

Статистика
  • Осы айда 210
  • Осы аптада 75
  • Кеше 7
  • Бүгін 4
  • Желіде 1

Электрондык почта: 61ortamektep@mail.ru; Телефон: 50-15-86; 50-15-85
Факс: 50-15-86;
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33